Кіру Тегін бастау
ҰБТ-ға дайындық платформасы · 11-сынып

Күніне 55 минут.
Ең алдымен — өз олқылықтарың.

Ybyrai мини-ҰБТ арқылы әлсіз тақырыптарыңды табады да, күн сайын жеке жол құрады: қысқа видеосабақ, тест, сыныптастармен ойын. Ата-ана әр дүйсенбі апталық есеп алады.

100+3 айдағы балл мақсаты
7пән: видеосабақ + тест
Дсата-анаға есеп

Барлық пәндер орыс тілінде де — жақында.

Қалай оқимыз

Ойлануға уақыт кетпейді: кабинетті ашасың — бүгінгі жол дайын

Алгоритм тақырыптарды ретімен береді және әлсіз жерлеріңе қайта оралады. Жаңа оқушы алғашқы тақырыптардан бастайды, қиындық біртіндеп өседі.

  1. 1≈ 18 мин
    Мини-ҰБТ

    Бүгін не қайталау керек?

    Қысқа тест білім картаңды жаңартып, күннің тақырыптарын таңдайды.

  2. 2≈ 35 мин
    Міндетті сабақ

    Ең көп балл қосатын тақырып

    12–13 минуттық видео және 40–50 сұрақ — әр сұрақтан кейін түсіндірме.

  3. 3қаласаң
    Бонус

    Тағы бір тақырып

    Жылдамырақ алға жылжу және қосымша XP. Серия үшін міндетті емес.

  4. 4жексенбі
    Толық сынақ ҰБТ

    Нағыз форматтағы сынақ

    Нәтиже ҰБТ болжамын және келесі аптаның жоспарын жаңартады.

Серия үшін мини-ҰБТ мен міндетті сабақ жеткілікті — шамамен 55 минут. Бонуспен — 1,5 сағат.
Білім картасы

Не білетініңді және не жетпейтінін көресің

Әр пәннің тақырыптары — плиткалар. Әр тест пен ойыннан кейін түстері жаңарады, ал ҰБТ болжамы бірге өзгереді. Плитканы бассаң — сол тақырыптың сабағы ашылады.

  • Білемін— тұрақты дұрыс жауап
  • Бекіту керек— кейде қателесесің
  • Олқылық— алдымен осыны жабамыз
  • Тексерілмеген— әлі алда
Химия36 тақырып · мысал
«Иондық байланысты» жапсаң — болжамға шамамен +0,8 балл.
Мотивация

Ойын сияқты. Бірақ балл — нағыз ҰБТ-дағыдай

Күн сайын келуге себеп көп: серия, сезон, сыныптастармен жарыс және өз кейіпкерің.

Серия

Күн сайын — бір белгі

Мини-ҰБТ мен міндетті сабақты жапсаң, серия жалғасады. Апталық белгілер басты бетте көрінеді.

Сезон

XP және дивизиондар

Әр сезонда XP жинап, дивизионнан дивизионға көтерілесің. Сезон соңында — сыйлықтар.

Элита

Аптаның үздік 100-і

Белгілер мен ҰБТ балы бойынша. Үздіктер өз кейіпкерімен кубок пен медаль алады.

Тірі дуэль

Сыныптасыңмен қатар

QR кодты сканерле — екеуіңе бір сұрақ, 10 секунд. Жеңімпаз екі экранда да көрінеді.

ūpai coins

Ойын емес — нағыз ақша

1 coin = 1 ₸. Сезон сынақтары мен досыңды шақырғаның үшін. 25 000-нан бастап шығаруға болады.

Серік

Өз қар барысың

Ұл немесе қыз, атын өзің қоясың, киімін таңдайсың. Жаңа заттар XP-ге ашылады.

Дивизиондар:ROOKIEPROMASTERCHAMPIONEPICLEGEND
Ата-аналарға

Ештеңе жасырмаймыз. Балаңыздың аптасы — телефоныңызда

Курс емес, толық дайындық жүйесі: жеке жоспар, күнделікті бақылау және ашық нәтиже.

  • Әр дүйсенбі — апталық есепБелгілер, тест нәтижелері, жабылған олқылықтар және ҰБТ болжамы телефоныңызға келеді.
  • Жеке жоспарБаланың деңгейіне қарай: қатты жерлерді өткізіп, әлсіз тақырыптарға көп уақыт береді.
  • Куратор күнделікті бақылайдыСабақ қалдырса немесе қиналса — куратор өзі хабарласады.
  • Ата-аналардың ортақ чатыЖаңалықтар, үздіктер тізімі және сұрақтарға жауап — бір жерде.
Балам үшін бастау
Апталық есеп · үлгі
Айбектің аптасы
Дс✓
Сс✓
Ср✓
Бс
Жм✓
Сб✓
ЖсҰБТ
6 / 7күн белгімен
17 / 22мини-ҰБТ орташа
5олқылық жабылды
88 → 92ҰБТ болжамы

Келесі аптаға: Химия — «Иондық байланыс», Биология — «Жасуша құрылысы».

Бағалар

Пәндер жиынтығын өзің таңдайсың

Kaspi арқылы төлем, бөліп төлеуге болады. Ybyrai оқушысының промокодымен — 10% жеңілдік.

Бір пән

Кез келген бейіндік пән немесе Қазақстан тарихы

18 000 ₸ / ай
Таңдау

1 бейіндік + 3 міндетті

Бір бейіндік пән және барлық міндетті пәндер

38 000 ₸ / ай
Таңдау
Толық ҰБТ

2 бейіндік + 3 міндетті

Барлық 5 пән және жексенбілік толық сынақ ҰБТ

48 000 ₸ / ай
 
Бастау
Шығармашылық48 000 ₸ / ай
IELTS дайындығы48 000 ₸ / ай

Жиі сұрақтар

Күніне қанша уақыт кетеді?

Серия үшін мини-ҰБТ мен бір міндетті сабақ жеткілікті — шамамен 55 минут. Бонус сабақпен — 1,5 сағатқа жуық.

Телефоннан оқуға бола ма?

Иә. Кабинет телефонда да, компьютерде де ыңғайлы — оқушыларымыздың жартысы компьютерден оқиды.

Ата-ана нәтижені қалай көреді?

Әр дүйсенбі өткен аптаның есебі келеді: белгілер, тест нәтижелері, жабылған тақырыптар және ҰБТ болжамы. Сұрақтар болса — куратор мен ортақ чат.

Қай тілде оқытасыздар?

Қазір барлық пәндер қазақ тілінде. Орыс тіліндегі нұсқасы жақында ашылады.

Қалай бастаймын?

Email мен пароль арқылы тіркеліп, серігіңді таңдайсың да, бірден мини-ҰБТ тапсырасың. Пакет таңдауға көмек керек болса — WhatsApp-қа жазыңыз.

Бүгін бастасаң — ертең бірінші серияң

Тіркелу — email мен пароль, ешқандай код жоқ. Серігіңді таңдап, бірден мини-ҰБТ-дан бастайсың.

Ybyrai — ҰБТ-ға онлайн дайындық платформасы

Ybyrai (Ыбырай) — 10–11-сынып оқушыларын ҰБТ-ға дайындайтын қазақстандық онлайн платформа. ҰБТ 120 тапсырмадан тұрады, ең жоғары балл — 140: Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық және екі бейіндік пән.

Ybyrai күн сайынғы мини-ҰБТ арқылы әр оқушының әлсіз тақырыптарын табады, сосын сол тақырып бойынша қысқа видеосабақ пен 40–50 сұрақтан тұратын тест береді. Жексенбі — толық сынақ ҰБТ, әр дүйсенбі — ата-анаға апталық есеп.

Ybyrai-дың ішінде оқушыларға арналған әлеуметтік мүмкіндіктер бар: сыныптастармен тірі дуэль, сезон мен дивизиондар, Элита топ-100 және өз кейіпкерің — Барсик қар барысы. Жақында НЗМ-ге және IELTS-ке дайындық курстары ашылады.